ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ 30 ГРАДУСТЫҚ АЯЗ САҚТАЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігі, бұрынғысынша, антициклонның ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстігінде атфосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылып, кей жерлерде қар жауады, аздаған жел соғады деп болжанады, деп хабарлайды BNews.kz.
Жамбыл облысында тұман түсіп, бұрқасындатады, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында 15-20 жылдамдықта жел соғып, аздап боран соғады. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында тұман түседі деп күтілуде. Түнде Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аяз күшейіп, облыстардың солтүстігіне қарай аяз тым күшейе түседі. Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз көтеріледі деп болжануда. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, дабылды ескерту жарияланды, 27 қаңтарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Ауа температурасы түнде 22-27, кей жерлерде 30-35, жекелеген жерлерде 38 градусқа дейін аяз болады.
27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын күтілуде (қар аралас жаңбыр), кей жерлерде жауын-шашын молынан жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желді солтүстік-шығыстан соққан жел алмастырып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 15-20, жекелеген аймақтарда 23-28 градусқа дейін төмендейді.