ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ
Қазалыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан-ортақ шаңырақ» атты ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірқатар ұлттар мен ұлыстарды Ассамблея жылымен Қазалы қаласының әкімі Нұрлан Бозғұлов, ардагер Ілияс Сәрсенбаев құттықтады. Жалпы қала бойынша 216 өзге ұлт өкілдері тұрады. Кешке орыс, өзбек, неміс, азербайжан ұлтының өкілдері қатысты.
Ассамблеяның 20 жылдығына арналған «Қазақстан-ортақ шаңырақ» атты ұлт өкілдерімен кездесу кешін қорытындылаған Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Уалихан Ыхласов пен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ермекбай Жұбаниязовтар өз тілектерін білдіріп, ұлт өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырды.
Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.