Елбасы: Халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жұмысымды жалғастырамын
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жаңа Президенттің еңбегін қолдау мен оның табысқа жетуі үшін қызмет етемін. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрине, заманауи Қазақстанның басшылығында болған адам ретінде мені еліміздің болашағы, біздің бастамалардың табыстылығы, азаматтарымыздың әл-ауқаты алаңдататыны анық. Күш-жігерімен маған Конституциямен, заңдармен бекітілген өкілеттіктеріме сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жұмысымды жалғастырамын. Сонымен қатар, жаңа Президенттің жұмыстарына қолдау мен оның табысқа жетуі үшін қызмет етемін», - деді Елбасы Н. Назарбаев.