«Nur Otan» партиясынан президенттікке үміткер анықталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр.
Съезд барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімін жария етті. «Nur Otan» партиясы атынан Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды.