Украинадағы сайлау: Зеленский жеңіске жетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші турындағы электронды хаттамалардың 52,03 пайызын өңдеді.Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған. Жарамсыз болып қалған бюллеттендер 2,33%. Орталық сайлау комиссиясы Украина президентінің есімін 1 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс.
"Мақсатымызға жеттік! Маған қолдау көрсеткен ата-анама үлкен алғысымды білдіргім келеді. Күш-жігер танытқан әйеліме рахмет. Егер мен туралы айтылған сөздерді кезінде естісе, маған күйеуге шықпас еді. Балаларыма, бүкіл отбасыма рахмет. Командама, сарапшыларға, заңгерлерге, бақылаушыларға - бәріңізге рахмет", - деді Зеленский экзит-полл нәтижелерінен кейін.
Еске салсақ, Украинаның кезекті президенттік сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өткендігі туралы жазған болатынбыз.