АЙМАҚТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
АҮК-де «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерінің құны 436 млн.теңгені құрайтын 6 жобасы жеңілдіктер алуға мақұлданды.
ЖК «Сейтжаппарова», ШҚ «Амангелді», ЖК «Ниязбаев», ШҚ «Маханбетов», ЖК «Баймаханов», ЖК «Дилназ» және «Мелиоратор» ЖШС-ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша кепілдеме алуға және екінші деңгейлі банктегі несиелерінің пайыздық үстемесін арзандату үшін қолдау тапты. Атап өтетін болсақ, ішінара кепілдендіру бағдарламасының шарттары бойынша ісін жаңа бастаған бастауыш кәсіпкерлерге 70 %-ға дейін кепілдеме, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге 50 %-ға дейін кепіл жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жеңілдік көрсетіледі.
Мемлекет тарапынан қолдау алған жобалардың ішінде жеке кәсіпкер Серік Ниязбаевтың Қармақшы ауданы, Ақсай ауылында ұйымдастырғалы отырған балаларға арналған ойын – сауық кешенін атап өтпеске болмайды. Оның бұл игі бастамасын АҮК-нің барлық мүшелері бір ауыздан қолдады. Себебі бұл жобаның сәтті жүзеге асуы қосымша 10 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, ауыл тұрғындарын тұрғылықты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге жол ашып, олардың әлеуметтік жағдайын көтеруге септігін тигізері сөзсіз. Ойын-сауық кешенінде ойын аттракциондары, кинотеатр, кафетерий жұмыс жасайды және қыстың күні ақсайлық балақайлар ол жерде коньки тебе алады. Сонымен қатар, жаңа балалар ойын-сауық кешені Ақсай ауылындағы ең алғашқы орталық болғалы отыр. Сондықтан бұл жаңалық ауыл тұрғындары мен балақайларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сылайды. Бастауыш кәсіпкер Серік Ниязбаевқа «Банк Центр Кредит» АҚ-нан несие рәсімдеуге Даму Қорының 70%-дық кепілдемесі беріліп,оның несиесі 7% -ға дейін субсидияланатын болады.
Тағы бір бастауыш, әрі жас кәсіпкер Шолпан Ермағанбетова «БЖК2020» бағдарламасы аясында жылуды оқшаулайтын және жылытатын материалдар өндірісі саласында кәсібін ашуды мақсат етіп отыр. Ол өз бизнес-жобасын жүзеге асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Қазақстан Халық Банкімен» ортақ «ХалықБизнесСтарт» несие бағдарламасы арқылы несие рәсімдейді. Несие қаражатына жылу оқшаулайтын материалдардың жаңа түрін өндіретін қондырғы алынып, тағы бір өнім түрін өндіруге қол жеткізілетін болады. Кәсіпкердің сөзінше, өндірілетін материалдардың сапасы өте жоғары, әрі ұзақ мерзімге жарамды болып табылады және де тағы бір айта кететін ерекшелік, әзірге өңірімізде мұндай өнімді шығаратын кәсіпкерлер жоқтың қасы.