КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту мақсатында үш бағытта жұмыс жүргізуде. Олар: «Дуалдық оқыту жүйесінің Жол картасын» жүзеге асыру, корпоративті басқару, жастарды ерте кәсіби бейімдеу.
Аталмыш бағытты жүзеге асыру мақсатында Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесіп, сұхбаттасты.
Шара барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Р. Досмахановқа жобаларымен таныстырып, жаңа ғылыми жаңалықтарымен бөлісті. Айта кету керек, Назарбаев зияткерлік мектебінде «Өңір экономикасы» кабинеті ашылған.
Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы өңір экономикасы кабинетін арнайы стендпен қамтамасыз етті және алдағы уақытта да еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіпорындар мен мамандақтар туралы ақпараттық материалдармен жабдықталуына ықпал ететін болады.
Мұнан кейін, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталмыш құжат Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларына кәсіби бағдар беруге, оқушылардың ғылыми жобаларын жүзеге асыруына, аймақтағы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға арналған кәсіпорындардың базасымен және мамандарының жұмысымен танысуға мүмкіндік береді.
Кездесуде Палата директоры:
«Облысымызда жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу деңгейін арттыру өте үлкен маңызға ие. Сондықтан өңіріміздегі ішкі экономикалық және бизнес тенденцияларды ескере отырып, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағытында жұмыстар жүргізудеміз. Алдағы уақытта Сіздер де жас кәсіпкерлердің қатарын көбейтеді деп сенемін!», - дей келе, оқушылардың сауалдарына жауап берді.
Айта кету керек, кездесуде зияткерлік мектеп оқушылары аса жоғары белсенділік танытып, қызықты, өте көп сауалдар қойды. Қуантарлық жайт, оқушылардың басым бөлігі болашақта өз кәсібін ашуға ниетін білдіріп, қазірден-ақ кәсіпкерлік негіздерін үйренуде.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі