ҚЫЗЫЛОРДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ ШЕКАРАШЫЛАРДА БОЛДЫ
Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында түрлі шаралар өткізілуде.
Ассамблея – бұл татулық пен бірліктің тірегі болса, оның қызметін жұртшылыққа таныту, халықты толеранттылыққа, қоғамдық келісімге шақыру жауапкершілігі мол істердің бірі.
Осы ретте, Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы өңірде көптеген берекелі істердің жүзеге асырылуына ұйытқы болып келеді.
Соның бір шарасы 23 қаңтар күні ҚР ҰҚК қызметінің шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінде өткізілді. Облыстық ассамблея хатшылығының инспекторы А.Есқалиев Елбасы саясаты, этносаралық татулық туралы сөз сөйледі.
Облыстық ассамблеясы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 20 жыл тарихы бар Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жайлы әңгімелеп, ҚХА туралы бейнематериалдарды таныстырды. Этномәдени орталықтардың шығармашылық топтары шекарашыларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің сақталуына ел тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылардың үлесі де зор. Облыстық ассамблеяның көркемөнерпаздары түрлі ұлт билерін билеп, әндерін шырқап, шекарашыларға рухани-мәдени кеш сыйлады.
Шекарашылар атынан ризашылық білдірген бөлімше командирі, подполковник Р.Шалаханов облыстық ассамблеяның жастар қанатының көшбасшысы В. Пакті Алғыспен марапаттады.