«АҚМЕШІТ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қызылорда облыстық «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Томирис» би тобы концерттік бағдарламамен Арал ауданында болды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Концерт Арал аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Сазгер Абылайхан Ысқақов жетекшілік ететін өнер ұжымы домбыра, қобыз, жетіген, дауылпаз, сырнай, сыбызғы аспаптарында қазақ халқының күйлерін орындап, жиналған қауымды тәнті етті.
Ансамблдің К.Түрікпенова, М.Сәрсенбаева, М.Сүгірбай сынды танымал жыршыларының орындауындағы термелері аралдықтардың құлақ құрышын қандырды. "Томирис” би тобының мың бұрала билеген билері көрерменнің көзайымына айналып, кеш ажарын аша түсті.