КӘСІПКЕРЛІК- ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның «Мықты бизнес-қуатты мемлекет» жобасы аясында жас кәсіпкерлердің кәсібін өрістете түсуін қолдау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Шараға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынбек Бекпанов қатысып, ашық пікір алмасты.
Жиналғандар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың жайы, бизнес-идея үшін бастапқы қаражат, банктік несие алу, оны кепілдік қамтамасыз ету мәселесі, жастар бизнесін қолдауға гранттардың қолжетімділігі, ШОБ субъектілері үшін коммуналдық тарифтердің өсуіне жол бермеу мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Сондай–ақ, шара барысында Қармақшы ауданының экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жеке кәсіпкер Дәулет Қанатбаевты партия қатарына қабылдап, жаңа үлгідегі партиялық билет табысталды.