АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА «ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ» АШЫЛДЫ
Ассамблея жылы аясында Жаңақорған ауданы орталығында «Этно-мәдени орталық» құрылды. Қоғамдық бірлестік негізінде құрылған бұл орталықтың атауы «Сығанақ». Қоғамдық бірлестік құрылтайына 9 өзге ұлт өкілдері мүше екен. Осы орайда, бізде жұмысын енді ғана бастағалы отырған орталықтың төрайымы Зульфия Құрманәліқызын сөзге тартқан едік.
–Елбасы ұзақ мерзімді стратегияның ең басым бағыттарының бірі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен барлық ұлт пен ұлыстың тең құқылығын қамтамасыз етуді басты назарға алды. Ұлттар достығы берік болса, ел іргесі мықты болары сөзсіз–дейді, бірлестік жетекшісі.
Ия, Елбасы алқалы жиындарда Қазақстан халқы үшін рухани құндылықтар мен қатар тұрақтылықты сақтап қалу ең асыл мұрат екенін үнемі айтады. Ұлт Көшбасшысының сындарлы саясатын бірауыздан қолдап, қоғамдық келісім мен халықтар бірлігін нығайтуға «Сығанақ этно-мәдени орталығыда» өзіндік үлестерін қосады деген сенімдеміз.
Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі