17 сәуір күні Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын уақытша тоқтатады
2019 жылғы 17 сәуір күні 03:00-ден 17:00-ге дейін телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ спутник, цифрлық және баламалы эфирлік желілердің техникалық құралдары сервисін жауып, жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz«Қазтелерадио» АҚ-на сілтеме жасап.
«Қазтелерадио» АҚ әр тоқсанда спутник және эфирлік желілердің техникалық құралдары сервисін жауып, жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Аталған жұмыстар сапалы телерадиохабар таратудың сапалы болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт бойы сөндіруге мүмкіндік береді, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.