ЖАҢА ДЕПАРТАМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талаптары турасында брифинг өтті.
Онда аталған департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласы бойынша негізгі міндеттерімен департамент басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразәлі таныстырды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2015 жылды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Нұрлы жол» бағдарламасы, 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының нақты тапсырмалары негізінде бастап отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру біздің еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы ретінде қаралады.
Бірінші кезекте, қазіргі таңда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бірізді, жүйелі сипатта жүзеге асырылуда, мемлекет саясатының ажырамас бөлігі.
Осы жолдағы маңызды кезең - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізіп, мемлекеттік органдардың сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін жаңа органды құру туралы саяси шешім қабылдауы.
Жаңа құрылған органның басты міндеті - елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, жемқорлықтың жасалуына ықпал ететін жағдайдың көлемін кеміту, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған іс-шаралар кеңінен жүргізу. Сондай-ақ, бұл міндетке мемлекеттік қызмет пен қызмет көрсету сапасын көтеру, жемқорлық қылмысты анықтау, тергеу мен оны ашу кіреді.
«Біздің алдымызда – жемқорлықпен күресте жаңа бағыт ұстану, яғни жемқорлық фактісін анықтап, кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайластықтың пайда болу шарттарымен себептерін анықтау стратегиялық міндеті тұр, - дейді М.Оразәлі.
Департамент құрылымында тікелей мемлекеттік қызмет сұрақтары мен жемқорлықтың алдын алумен айналысатын құрылымдар бар.
Өз жұмысын бастаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті айтып өткендей, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерінің алдын алуды басты мақсаты ретінде белгілеп отыр. Биыл Департамент облыс көлеміндегі барлық 400-дей мемлекеттік органдар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бастады. Сондай-ақ осы жылы азаматтарды қабылдау, кәсіпкерлермен кездесулер, жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жан-жақты баяндау үшін журналисттер арасындағы байқау, пікірталастар, қоғамдық тыңдаулар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер сияқты шараларды өткізуді жүзеге асырмақ.
Сыбайластықтың басты субъектісі - мемлекеттік қызметшілер арасында да ауқымды шаралар жоспарлануда. Әрбір қызметші бойында құқықтық мәдениетін жоғарылатып, өзіне қатысты жемқорлық фактісі орын алған жағдайда, сыбайластыққа қарсы тұру имунитетін қалыптастыру, басты назарда болады. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау кезінде үміткерді бағалаудың баллдық жүйесі секілді жаңа тиімді тәсілмен әңгімелесу енгізілуде. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсібилігімен көзген түскен дарынды қызметкерлерді басқару жүйесі қолға алынбақшы. Бұл жүйе мемлекеттік қызметтің әр саласындағы көшбасшыларды іріктеуге септігін тигізеді. Тағы бір назар аударарлық жәйт, мемлекеттік қызметкердің табысы ғана емес, оның шығыны да декларациялануға жатқызылатын болады. Мұндағы басты мақсат – мемлекеттік қызметшінің өз ісіне адал қарауы, және жоғарыда атап өткендей - ашықтыққа қол жеткізу.
Осы ретте, Жуырда Қазақстанның 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы қабылданданды. Стратегияда мемлекеттік қызметке жүгінген азаматтардың мемлекеттік қызметшімен тікелей байланысының болуы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа баруға ықпал ететін дәйектің бірі екені анықталып отыр. Бұл бағытта электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет көлемін арттыру, мемлекеттік сатып алу үрдісін жетілдіру мен мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстар молынан жүргізілуде. Сондай-ақ, «бір терезе» қағидатымен Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызметтер көлемі де артып келеді.
Жалпы алғанда, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы тікелей қарым-қатынасты азайту жолға қойылды. Өйткені, тым көп әкімшілік кедергі шет ел инвесторлары үшін еліміздің кәсіпкерлік мүмкіндігін төмендетіп, инвестиция көлеміне кері ықпалын тигізуі әбден мүмкін. Сондықтан, бір жағынан мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеріп, екіншіден, оның біраз бөлігін мемлекеттік емес секторға тапсыру көзделуде. Оған қоса, жемқорлықты болдырмау орайында жұртшылықтың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, мәселені төтесінен шешуге шұғыл түрде іс-қимыл жасалуы тиіс.
Осы орайда, Өзекті мәселені заңдылық тұрғысынан, адамгершілік ар-намысты алға тұтып, оңтайлы шешу үшін агенттіктің өңірлік департаменттері жанында Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Департамент жанындағы Қоғамдық кеңес ай сайынғы отырысында жұртшылықты алаңдатқан негізгі мәселелерді терең талдайтын ашық алаң болмақ. Бүгінде Қоғамдық кеңестің 13 мүшесі бар. Олар – түрлі қоғамдық ұйымның, отандық кәсіпкерлік құрылымының, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, мемлекеттік қызметтің сала жетекшілері. Кеңес алдындағы міндеттер анықталды. Бұл міндеттерге: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің кері байланысын орнату, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдасу, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі мен мемлекеттік қызмет сапасын көтеру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру кіреді. Яғни, Қоғамдық кеңес мемлекет пен қоғам арасындағы пікір алмасу алаңы.
Ел ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, осы тұрғыдағы көздеген нәтижеге қол жеткізудегі бұл байланыстың орны ерекше. Еліміздің болашағында сыбайлас жемқорлық болмау үшін мұндай ізгі жұмысты балабақшадан бастап барлық оқу орнында, мемлекеттік мекемеде тәрбиелік және ақпараттық сипаттағы ашық дәріс түрінде өткізу ауадай қажет. Егер, әрбір жас өрен бала кезінен жемқорлықтың өзіне, қоғамға аса зиян құбылыс екенін сезінсе, Қазақстан қоғамында толығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасар еді. Аса маңызды боп саналатын бұл жұмыс кешенді түрде жүзеге асырылуы қолға алынды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруды Департамент бастап та кеттті. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптасыру, жастарды онымен күреске тарту мақсатында еліміздің ертеңі - облысымыздың белсенді жастары арасында кең көлемді акция ұйымдастырылды.
Бүгінде мемлекеттік органдар халықпен ашық түрде ықпалдасу мақсатында өз жұмысының барысын электрондық веб-сайтта ашық түрде жариялауда. Бұл үрдіс жалғасуда. Еліміздің барлық өңірінде сыбайлас жемқорлық пен сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету көрінісімен бетпе-бет келгенде хабарласа алатын «1494» сенім телефоны жұмыс істейді.
Сондай-ақ Агенттік халықпен кері байланысты Кеңес беру орталығы арқылы жүзеге асырмақшы. Байланыс орталықтарының(Call-center) қызметкерлері тәулік бойы азаматтарға заңнама нормалары мен белгілі бір сыбайлас жемқорлық жағдайында әрекет ету тәртібі жайлы түсіндірмелер беріп отырады.
Сонымен, жаңа Департамент әр мемлекеттік орган және ұйыммен, әрбір жеке және заңды тұлғамен тең дәрежеде өзара ықпалдастықта қызмет жасауды, әріптестік қағидасын басшылыққа алып, жемқорлықтың алдын алуды көздейді. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты бағдарламасы мен осыған сай агенттіктің жүргізіп отырған жұмысы, шын мәнінде, еліміздің барлық саласында жарқын болашаққа бастайды, - деп сенім білдірді М.Оразәлі.