ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ АЙМАҚТАРЫНДА ҚАТТЫ ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Дүйсенбі, 4 тамыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік пен солтүстік-батыстың кей аймақтарында жауын-шашын болып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қостанай облысының бірқатар жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 15-20 м/с жел тұрып, найзағай ойнайды. Ақмола, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстанда, күндіз Шығыс Қазақстанда найзағай болады деп күтілуде. Павлодар облысының кей аймақтарында түнде тұман түсуі ықтимал. Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста, солтүстік-батыста және орталықта жоғарғы өрт қаупі сақталады.