Баянды болашаққа қадам
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады. Үндеуде ҚР Конституциясына сәйкес биылғы жылдың 9 маусымында ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде шешімін айтты. Президент бұл шешімнің Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен ақылдаса отырып, Конституциялық кеңестің келісімімен жариялағанын да атап өтті.
Елімізде кезектен тыс сайлау өткізу қазіргі уақытта өте маңызды әрі қажетті қадам деп есептеймін. Бүгінде біз маңызды тарихи сәтті өткерудеміз. Қазақстан тәуелсіздік жылдардан бері Елбасымыздың еңбегімен қуатты мемлекетке айналды. Алдағы уақытта елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне әлемдік геосаяси ахуалдың тұрақты болмауы еліміздің қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Сондықтан ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық, тұрақтылықты сақтай отырып Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды табысты іске асыруымыз қажеттігі белгілі. Айта кету керек, кезектен тыс сайлау өткізу туралы Президент шешімін қолдаймын және алдағы сайлауға баршаңызды жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Талғат ТІЛЕС,
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.