Еліміз жаңа белеске қадам басқалы тұр
Бәріміз бүгінде тарихи сәтте өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы шешім қабылдады. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын толығымен қолдаймын. Бұл сайлау елдегі демократиялық процестерді нығайтудағы қажетті қадам деп санаймын. Ерте сайлауды өткізу шиеленістің алдын алады. Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ саяси тұрақтылықты сақтайды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында біз әлемдегі табысты, беделді мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта өзіне лайықты орын алды. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміздің одан әрі даму бағытын айқындап, ішкі және сыртқы тұрақтылығын нығайтады. Бұл сайлауға бір кісідей атсалысу әлем алдында өзінің ынтымақтастықтағы мемлекет екенін дәлелдейді.
Біздің еліміз жаңа белеске қадам басқалы тұр. Біздің қазіргі таңдағы таңдауымыз балаларымыздың болашағы. Сондықтан қазір қабылданған шешім алдағы уақытта өз маңыздылығын көрсететін болады. Біз Ұлы даланың халқымыз. Сондықтан біздер даналық танытуымыз керек. Біз ата-бабаларымыздың дәстүрлерін сақтай отырып, еліміздің бірлігін нығайтып, бейбітшілік пен келісімді сақтап қалуымыз керек. Мұның жалғыз жолы әділ және тең сайлау. Мен олардың ашық және әділ өтетініне сенімдімін.
Нұржамал МЫРЗАМҰРАТОВА,
Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры