Ұлт мүддесі жолындағы ұйғарым
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Қазақстан азаматы ретінде Мемлекет басшысының бұл шешімін дұрыс қабылдаймын және қолдаймын.
Кезектен тыс сайлау өткізу – өте маңызды әрі қажетті қадам. Сайлау - азаматтардың саналы таңдау жасайтын мүмкіндігі. Сол мүмкіндікті пайдаланып, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген жетістіктерді одан әрі дамытатын, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді, экономикалық дамуды қамтамасыз ететін тұлғаны таңдау уақыты келді.
Халық сайлаған президент Қазақстанның одан әрі дамуына жол ашып, әлемдегі түрлі дүрбелеңге қарсы тұруына ықпал етеді деген ойдамын. Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойып, ел тізгінін ұстар басшымызды сайлайық.
Ағжан КӘРІБОЗОВА
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы,
экономика ғылымдарының магистрі