ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ (ЮНИСЕФ) ЖАҢА ӨКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Юрий Оксамитный Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңа Өкілі болып тағайындалды, ол осы лауазымды атқарған Джун Кукитаны ауыстырды. Бұған дейін Юрий Оксамитный Беларусь Республиксындағы ЮНИСЕФ Өкілдігін басқарды.
2002-2009 жылдары Юрий Оксамитный ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері жөніндегі бөлімін басқарған, ЮНИСЕФ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк) Басқарушы органдар, БҰҰ және көпжақты ынтымақтастық департаментінде аға кеңесші лауазымын атқарды.
1997-2002 жылдары ЮНИСЕФ-тің Женевадағы Өңірлік офисінде Орталық, Шығыс Еуропа және ТМД елдері жөніндегі өңірлік кеңесші қызметін атқарды (Швейцария).
1993-1997 жылдары ЮНИСЕФ-тің Өңірлік офисінде Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (Амман, Иордания) елдері бойынша және Орталық Азия (Исламабад, Пәкістан)мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінде бағдарлама үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
1985 жылдан бастап Вена мен Нью-Йоркте Сыртқы істер министрлігінде (КСРО, Ресей Федерациясы) дипломатиялық қызметте болды.
1978-1985 жылдары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының аспиранты, оқытушысы және кафедра меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Юрий Викторович Оксамитный - Ресей Федерациясының азаматы. 1978 жылы ММХҚИ-ді үздік белгімен бітірген. 1982 жылы халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.
Юрий Оксамитный үйленген, екі баласы бар.