КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫ ӨНДІРІСІН АШУДЫ ҰСЫНДЫ
Бүгін Қызылордада облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Онда жүзеге асырылуға ұсынылған 5 шағын және орта кәсіпкерлік жобасы қаралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арал ауданындағы «Даму» ЖШС пеноблок өндіретін зауыт ашуды жоспарлап отыр. Серіктестік директорының орынбасары Дәурен Жаппарқұловтың айтуынша, бұл – аймақ үшін тың сала. Ал өнім бағасы базардың құнынан төмен болады. Кәсіпкерге енді субсидияландыру және несиені ішінара кепілдендіру үшін көмек керек. Өңір басшысы аудан әкімдігіне жобаны қолдауды тапсырды.
Қармақшылық кәсіпкер, «Болашақ құрылысы» ЖШС-нің төрағасы Ерғазы Ізбанов асфальтбетон, жол төсеніші, қиыршық тас өндірісін және бетон қалдығын өңдеу жобасын қолға алмақ. Ол үшін Байқоңыр қаласындағы бұрынғы бетон зауытын сатып алу немесе ұзақ мерзімге жалға алуда қолдау керек. Қырымбек Көшербаев Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Серік Қожаниязовқа мәселенің шешімін қарастыруды ұсынды.
Қармақшыдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Аңсаған» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытгүл Райымбаева тоқыма цехын ашқысы келеді. Басқалар да табысты кәсіппен айналысып, қоғамға пайдасын тигізсе дейді. Кәсіпкердің жобасы мақұлданды. Аудан әкімдігіне ол үшін ғимарат бөлу міндеттелді.
Тігін-тоқыма цехын облыс орталығынан жеке кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова да ашқысы келеді. Ойында Тасбөгеттегі бүгінде салық берешегіне байланысты кепілдікте тұрған бос ғимаратта қолөнер орталығын ашу да бар. Қырымбек Көшербаев ұлттық үлгідегі қолөнер бұйымдары облыста ғана емес, өзге аймақтарда да сұранысқа ие болады деген сеніммен қала әкімдігіне мәселені біп апта ішінде шешуді тапсырды.