Бірлік пен құрмет көрсетуіміз қажет
Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауын өткізу дұрыс, әрі нақты шешім деп ойлаймын. Менің бұл ойыммен сырбойылықтар келіседі деген сенімдемін. Біздер әрқайсысымыз бұл сайлауға белсенді түрде қатысуымыз қажет. Әр адам өзінің болашағына немқұрайлылық танытпай, дауыс беруге бір кісідей атсалысады деген ойдамын. Бұл сайлау елдегі бейбітшілік пен келісімге ұмтылуға жетелейді. Сондықтан сайлауға әр адамның қатысуы міндетті.
Болашаққа дұрыс таңдау жасау бұл басты жауапкершілік екенін естен шығармау қажет. Біз бұл науқанда өзіміздің құрмет пен бірлігімізді көрсетуіміз керек.
Жалпы, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу дәл қазіргі уақытта қажетті қадам. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан біз дәл қазіргі уақытта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жіті қадағалап, алға қарай ұмтылуымыз қажет. Сондай-ақ әлемдегі ахуалмен санаса отырып, елдің ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету керек.
Серік Дүйсенбаев,
Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы