Қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтаудың кепілі

Біз еліміздің әлемдік деңгейін сақтап қалу үшін елдің Президентін сайлап алуымыз қажет. Сол арқылы еліміз дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңызды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік алады.
Еліміздің барлық азаматтары патриоттық парызын орындау мақсатында президент сайлауына белсенді түрде қатысып, дауыс беру арқылы өз ұстанымдарын білдіруі қажет деп санаймын. Мен барша Қазақстан азаматтарын болашақ ұрпақ үшін, еліміздің гүлденіп дамуы үшін өзінің конституциялық құқығын пайдалануға, ерікті таңдау жасауға, біздің еліміз бен қоғамымыздың тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосуға шақырамын.
Нұрсәуле МУСАЕВА
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы,
«Сыр Аналары» қоғамдық қорының құрылтайшысы