ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙДЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ
Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап АИ-92 маркалы бензині – 108 теңге, АИ-80 – 89 теңге, ал, дизель отыны – 107 теңгені құрап, бекітілген шекті бағадан аспайды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекованың қатысуымен өткен брифингте сөз болды.
«Өткен жылмен салыстырғанда жанар-жағар майдың бағасы 7,8 пайызға төмендеді. Жалпы облыста барлығы 121 жанар-жағар май құю бекеттері жұмыс жасайды. Оның 56 май құю бекеті облыс орталығында орналасқан. Қазіргі таңда аймақта әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің тапшылығы жоқ. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан да аталған мәселеге қатысты еш шағым түспеді», - дейді Құрманкүл Төлепбергенқызы.
Облыста мұнай өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бойынша аймақта орналасқан май құю бекеттерінде жанар-жағар май бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.
Фариза ОМАРОВА