АУЫЛ МӘДЕНИЕТІН КӨТЕРУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН 410 ШТАТ БӨЛІНДІ
Жылдар бойы қордаланып келген штат мәселесі де шешімін тауып, нәтижесінде ауыл мәдениетін көтеру мақсатында мәдениет үйлері мен клубтарға облыстық бюджеттен 410 штаттық бірлік штат бірліктері бөлініп, қажетті мамандармен толықтырылды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
- Республика бойынша тек біздің облысымызда ғана осынша штат бөлініп отыр, - дейді басқарма басшысы. – Сонымен қатар, клубтар мен мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен мәдени мекемесі жоқ шалғайдағы елді мекендерге мәдени қызмет көрсету мақсатында орталықтандырылған жүйе арқылы 7 ауданға толық жабдықталған «Зерде» мәдени-ақпараттық заманауи автокөлігі алынып берілді.
Айта кетейік, өткен жылы Сыр елі мәдениеті тарихында тұңғыш рет облыстық филармония жанынан камералық оркестр, сонымен қатар жастарға арналған облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жанынан жастар труппасы құрылған. Сондай-ақ, бұрынғы әскери комиссариаттың ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, онда көркемсурет галереясы ашылды.
Шынар БЕКБАН