Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.