«АРАЛТҰЗ» АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
«Аралтұз» АҚ жұмысшылары жалақыны өсіру мәселесін көтерді. Бүгінгі күнге 759 кәсіпорын жұмыс істейді. Орташа жалақы көлемі 42,5 мың теңгені құрап отыр.
«Аралтұз» АҚ тек біздің өңірімізде ғана танымал емес. Компания Қазақстан Республикасында ас тұзы нарығының 70 пайызын алып отыр.
Кәсіпорын көлемін ұлғайтуға және шығарылған өнімнің сапасын көтеру мақсатында 2013 жылдың ақпанында кәсіпорынға жаңа инвестор тартылды. Бүгінгі таңда құны 1,5 млрд теңге болатын техникалық және ас тұзын шығару бойынша жобаны жүзеге асыруда.
Жобада жаңа технологиялар мен тұз өндіру кәсіпорындары құрылғыларынын шығаруда әлемге танымал «Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A» испан компаниясының құрылғыларын пайдалануда.
Кәсіпорын жұмысын жаңа бастағанда жылына 65 мың тонна ас және техникалық тұзын шығарған. Жаңа құрылғыны қондырғаннан кейін жылына 170 мың тонна ас тұзын және 30 мың тонна техникалық тұз өндіруді жоспарлап отыр. Бұл қарқынмен «Аралтұз» АҚ Қазақстан нарығының 90 пайызын, және көрші ел нарығынан үлесін айырмақшы.
Қайта жаңартылған кәсіпорын үстіміздегі жылдың тамыз айының соңына қарай пайдалануға беріледі.
Ал кәсіпорынның жұмысшыларының жалақы мәселесіне байланысты бүгінгі таңда компания өкілдерінен, оның ішінен озаттардан, аудан әкімшілігінен, кәсіподақ, сонымен қатар, облыстық еңбек саласын бақылау басқармасынан жұмысшы топ құрылды.
«Аралтұз» АҚ ұжымының үндеуінен соң өңір басшылары облысымызға компанияның акционерлерін шақырған болатын. 4 тамызда олар өңір басшылығымен және зауыт ұжымымен мәселені талқылау үшін кездеседі.
Шынар БЕКБАН