Эстониялықтар Қызылорда тумасына Таллин қаласының мэрі болуды ұсынды
Қызылорда тумасы Михаил Кылварт Эстония астанасы Таллин қаласының мэрі атануы мүмкін. Қазір ол таллиндік қалалық жиналыстың төрағасы. Бұл туралы Sputnik Эстония хабарлады.
Таллиннің қазіргі басшысы Таави Аас қалалық басқарма отырысының қорытындысына арналған пресс-конференцияда орнын босатып, ұлттық парламентке өткісі келетінін айтты. Ол өзінің ізбасары ретінде Михаил Кылвартты көретінін сөз етті. Қазақстанның тумасы өз кандидатурасын ұсынған жағдайда оған дауыс беретінін мәлімдеді.
Таллин басшысының өкілеттігі парламенттің (Рийгикогу) парламенттің жаңа сессиясы ашылып, бірінші отырысы болатын күні, яғни 4 сәуірде тоқтайды. Эстония астанасында мэрдің қызметін қазіргі вице-мэр Калле Кландорф уақытша атқаратын болады.
Таллин қаласының тұрғындары астананың негізгі әкімін Орталық партияның отырысында таңдайды. Әзірге сайлаудың қашан өтетіні белгісіз.
Михаил Кылварт 1977 жылы 24 қарашада Қызылорда қаласында туған. Ол саясаткер, эстониялық спортшы және қоғам қайраткері.
2011 жылдан бері Таллин қаласында мәдениет пен спортқа, жастардың сұрақтарына, білімге, бірігуге жауап беретін вице-мэрдің қызметін атқарады.
stan.kz