Еліміздің астанасы – Елбасының төл туындасы
Тәуелсіз елдің ұланы ретінде өзімді бақытты жастардың қатарынанмын деп есептеймін. Осы орайда елордамызды Елбасының есімімен атау дұрыс, дер кезінде қабылданған шешім деп білемін. Өйткені, Тұңғыш Президентіміздің мемлекеттің қалыптасуына сіңірген еңбегі орасан зор. Біз де Елбасына өз құрметімізді білдіре білуіміз қажет.
Елбасы тәуелсіз Қазақстанды 30 жылға жуық елді ішкі-сыртқы саясатын асқан көрегенділік, даналықпен басқарды. Оның бүкіл әлем алдында қазақ мемлекетінің абыройын асқақтатып көрсету үшін жасаған ерлік істерінің ұшан-теңіз екені тарихта жазылып қалды. Бүгінде бізді әлем Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімінен таниды. Біздің мемлекет өзге дамыған елдермен терезесі теңесіп келеді.
Астананы керемет қала етіп салуда да Елбасының қолтаңбасы бар. Сондықтан елдің астанасын Нұр-Сұлтан аталуына қолдау білдіре отырып, қуанышымды жасырмаймын.
Гүлвира АХМЕТОВА,
№264 мектеп-лицейінің мұғалімі