Нұр-Сұлтан – болашағы жарқын қала
Елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.
Астананың жаңадан қаланған әрбір тасы, қала ретіндегі оның әрбір жеткен жетістігі мен жемісі, қуанышы мен сүйініші алты Алаштың жаңа бас қаласын қалыптастырған Тұңғыш Президентіміздің баламасыз бастамасы дер едім. Бұл күнде Елорда мен Елбасы атты егіз ұғым халық жадында ажырағысыз ақиқаттың символына айналған.
Осының айғағы Елордамызға Нұр-Сұлтан атауының берілуі еш талассыз, халық тарапынан жоғары қолдау табуда. Отанына деген терең сүйіспеншіліктің озық үлгісін көрсеткен қазақтың кемеңгер ұлына өзінің төл туындысы Астананың атауын беру дер кезінде қабылданған оң шешім.
Гүлзина Оңғарова,
Арал ауданы Қосжар ауылының тұрғыны, балабақша тәрбиешісі
Арал ауданы Қосжар ауылының тұрғыны, балабақша тәрбиешісі