ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ЖАС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кеше Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығы, этно-мәдени бірлестіктерінің жас өкілдерімен, өңіріміздегі жастар ұйымдарының белсенді жастарының қатысуымен кездесу болып өтті.
Жиын барысында этно-мәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының 2015 жылға арналған жоспарлары тыңдалып, талқыланды. Кездесуге облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Меңлібаев қатысты.
- Кездесу мақсаты облыс жастарының толеранттылық деңгейін жоғарылату, саларалық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Еліміздің қарқынды даму процесі жүргізілуде және осы даму сатысының алға басуына жастар арасындағы бірлік пен ұлтаралық татулық негізгі себеп болады, - деді Е.Меңлібаев.
Айта кету керек, елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Оның ішінде біздің облысымыз ұлтаралық қарым-қатынастың мызғымас ұйытқысы, этностардың бірлігі мен бір мақсатқа жұмылуының айқын мысалы ретінде танылуда. Осы тұста Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де Ассамблея кафедрасы ашылған-ды.
- Бұл кафедра елімізге өзге этнос өкілдерінің көшіп келу себептері, тарихын оқыту мақсатында ашылды. Тағы бір айта кететін жәйт, толеранттылық шыдамдылық, төзімділік дегеннен шыққан. Соның ішінде тілдерге байланысты толеранттылық өте маңызды. Осы ретте, рухани қысым көрсетілмегенмен өз топырағынан ажырап қалған отандастарымыздың мұң-мұқтажын, ой-пікірлерімен бөлісіп, жиірек кездесу ұйымдастырып тұруды қолға алып отырмыз,- деді Ассамблея кафедрасының оқытушысы Жайна Сыдықова.
Шынар БЕКБАН