ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІ БІРДЕ-БІР ӘЙЕЛ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУҒА ТИІС - Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА
2015 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарларымен – әкімдер жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар төрағаларымен кеңес өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Г.Н.Әбдіқалықова Ұлттық комиссия ағымдағы жылғы жұмысын өңірлік дамуға барынша екпін салатынын атап өтті. Ұлттық комиссия мен өңірлік комиссиялардың алдында үйлесімді әрі сапалы бірлескен жұмысты талап ететін маңызы зор міндеттер тұр.
Мемлекеттік хатшы кеңеске қатысушылардың назарын әйелдердің жұмыспен қамтылуы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мәселелеріне аударды.
«Еңбекке қабілетті және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар бірде-бір әйел жұмыссыз қалмауға тиіс!», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында, барша Қазақстан халқының бірлігі жылында отбасын нығайту жұмысы Ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің біріне айналуға тиіс. Бұл жерде неке және отбасы институтын нығайтудың, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен сақтаудың айқын дәлелі болып табылатын «Мерейлі Отбасы» ұлттық конкурсы маңызды рөл атқарады.
«Отбасыны нығайту – қоғамдағы тұрақтылықтың, яғни елдегі татулық пен келісімнің кепілі!», - деді Мемлекеттік хатшы.
Г.Н.Әбдіқалықова Ассамблея жылы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы аясында өтетін барлық кәсіби мерекелерді, қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды «Біздің күшіміз – бірлікте!» бірыңғай ұранды қолдана отырып өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Мемлекеттік хатшы өңірлер әкімдерінің орынбасарларына Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Президенттің Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету жөніндегі бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуді, соның ішінде әйелдерден шыққан соғың ардагерлерінің, майдангерлер әйелдерінің, тылдағы еңбекші әйелдердің сіңірген еңбектерін атап өтуді тапсырды.
Селекторлық кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова бірқатар нақты тапсырмалар берді.