ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 706 КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМДЕР ЖОЙЫЛДЫ
2014 жылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірігіп өткізген тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан құны 230750 теңгені құрайтын 706 контрафактілік өнімдер жойылды. Авторлық құқықты қорғау мақсатында 9 дерек бойынша тексеріс жүргізіліп оның алтауына әкімшілік іс қозғалған. Бұл туралы Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Б.Кесебаева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Департаменттің мәліметіне сәйкес өткен жылы сотпен әкімшілік жауапкершілікке 18 адам тартылған.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы насихаттау мақсатында жыл ішінде біз 1000-нан астам іс-шаралар өткіздік. Бұл семинарлар, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар, жарнама және бұқаралық ақпарат құралдары және мәдениет өкілдерімен ашық есік күні, кездесулер болды», - дейді Б.Кесебаева.
Фариза ОМАРОВА