АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАТТЫ АЯЗ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық болады деп күтілуде. Еліміздің барлық өңірінде дабылды ескерту жарияланған, деп хабарлайды BNews.kz.
Атап айтсақ, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасындатып, түнде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін барады, Қостанай облысында түнде тұман түседі, таңертең бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады деп болжанған.
Бұған қоса, Қазақстанның барлық облысында дабылды ескерту жарияланды. 23-25 қаңтар күндері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 29-34 градусқа дейін төмендейді. 23 қаңтар күні түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, 22-24 қаңтарда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады. 23-27 қаңтар аралығында түнде сынап бағанасы 22-27, кей жерлерде 34, 30-35 градусқа дейін төмен төмендейді, кей жерлерде 38 градус аяз болады. 24 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын (қар аралас жаңбар) болады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. 24-27 қаңтарда ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязды көрсетеді, кей жерлерде тіпті 23-28 градусқа дейін суық болады.
24-26 қаңтар аралығында Қызылорда облысында сынап бағанасы түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін төмендейді.