ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН НЕКЕ ҚИЮ КӨБЕЙДІ
2014 жылы Қызылорда облысы азаматтарының шетел азаматтарымен 78 неке қиылған, өткен жылы бұл көрсеткіш 74 неке еді. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Б.Кесебаева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазіргі таңда азаматтар электрондық үкіметтің қызметтерін өте белсенді пайдалануда. Электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсету АХАЖ органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Есепті кезеңде неке қию туралы электронды 3769 өтініш келіп түскен. Сондай-ақ, неке бұзу туралы электронды өтініштер саны – 26, электронды 305 анықтама тіркелді, - дейді департамент басшысы Б.Кесебаева.
Департамент басшысының айтуынша өткен жылы АХАЖ органдарымен барлығы 34026 азаматтық хал актілері тіркеліп, 22 304 517 теңге мемлекеттік салық өндірілген.
Фариза ОМАРОВА