ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысында республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Игі бастама биыл Қазақстанның Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялағанына 20 жыл толуына орай «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен өтеді.
«Қайырымдылық акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан, сондай-ақ жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу мақсатында алтыншы рет ұйымдастырылып отыр», - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының баспасөз маслихатында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Сайлыбаев.
Мониторинг көрсеткендей, бастауыш сыныптағыларды жаңа оқу жылына дайындауға – 14-16,4 мың, ортаңғы сынып оқушыларына – 19-21 мың, жоғарғы сынып оқушыларына 23 мың теңгеден көп керек. Жыл өткен сайын қайырымдылық акциясына атсалысып, көмек көрсетушілер қатары артып келеді. Былтыр «Мектепке жол» акциясы барысында қаржылай көмектің арқасында 24 мыңға жуық бала жалпы сомасы 141 млн. теңгенің көмегін алып, облыс республика бойынша 4-орынға ие болған еді. Оған аймағымыздағы мұнай компаниялары, бизнес құрылымдары мен банктер, мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер сүбелі үлес қосты.
Басқарманың мәліметінше, биыл мектеп табалдырығын 15 450 бүлдіршін аттайды. Жалпы облыс бойынша 8 204 бала – толық емес, 484 бала – қолайсыз, 15 405 бала көпбалалы отбасыларда тәрбиеленуде. Ал аз қамтылған отбасында 21 205 бала бар.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА