ҚАЗАҚСТАНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫНЫҢ КАРТАСЫ СЫЗЫЛҒАН ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстанда соғыс ардагерлері мұқтаждықтарының картасы көрсетілген интернет-портал құрылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еуразия медиа-форумының директоры Руслан Жемков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазіргі уақытта «Jenis.kz» ақпараттық порталын құру жөніндегі жобаны қолға алдық. Жоба бірнеше блоктан тұрады, оның бірінші білім және ақпараттық бөлігі жастарға белгілі бір оқиғалар туралы мәлімет беруді көздейді. Батырларымыздың ерлігіне кейінгі ұрпақ қанық болуы тиіс.
Р.Жемковтың айтуынша, аталған интернет порталдың базасында қайырымдылық акциясын өткізу жоспарланып отыр. Жиналған қаражат ардагерлердің мұқтаждықтарына жұмсалады.
«Кез келген адам көмек түрін таңдап, смс-хабарлама жіберу арқылы үлес қоса алады. «Самұрық-Қазына» қоры да акция аясында ардагерлерге көмек көрсетеді. Біз осылайша бірыңғай каталог – барлық арлагерлердің мәліметтер базасын жасауды ұйғардық. Біз сайтта болатын есептіліктің ашықтығына үлкен көңіл бөлеміз. Мұның барлығы онлайн режимде жұмыс істейді және біз толық қадағалаймыз», - дейді Р.Жемков.