ЕЛБАСЫ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы
1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қағидаларға сәйкес «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын.
3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 19 қаңтар № 992