КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ тарих, құқық және экономика факультетінің профессор-оқытушылары қатысуымен «Жоғарғы оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерістерін ұйымдастырудағы жаңа әдістер» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында арнайы курстан өтіп келген курсынан өтіп келген университет оқытушылары, ф.ғ.к., доцент Ж.М. Майгельдиева, ф.ғ.к. Б.Т. Досмағамбетов, п.ғ.к. Ш.З. Кошкарова, п.ғ.к. М.А. Айтбаевалар жүргізді.
Ғылыми-әдістемелік семинарда үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру технологиялар, оқыту және оқу жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар, білім беру нәтижелерін бағалау жүйелері тақырыптары бойынша дәріс тыңдалды. Факультет оқытушылары өздеріне қажетті методикалық мәліметтерді жинақтап, семинардан көптеген пайдалы кеңес алды.