ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АПАТҚА ҰШЫРАҒАН АН-2 ҰШАҒЫНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағында қаза тапқандардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұшақ бортында жеті адам болған, оның ішінде үш экипаж мүшесі. "Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері қаза болды: техникалық даму департаментінің директоры Г.Т.Төлеубаев, "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас механигі Е.Б.Ыбыраев және "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы У.Х.Есмағамбетова, сонымен қатар АН-2 командирі Г.Клюшев, АН-2 ұшағының екінші ұшқышы В.П.Савельев және борт-механик В.И.Литвинов. "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас геологы А.А.Шаяхметова көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Владимир Магай қазіргі уақытта қаза тапқандардың денесі табылғанын мәлімдеді. Компания қаза болғандардың туыстарына қайғырып, көңіл айтады.
Балқаш - Шатыркөл бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ан-2 ұшағы 20 қаңтарда сағат 15.40-та Жамбыл облысындағы "Шатыркөл" кен орны маңында құлаған болатын. Ан-2 ұшағы тұманнан апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Болған оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.