21 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
21 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел соғады, оның екпіні 18-23 м/с жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел соғады, оның екпіні15-20 м/с болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады деп күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел соғады.