ЖЕРЛЕСІМІЗ – «ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды.
Олардың арасында біздің жерлесіміз, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Қытай Халық Республикасындағы меншікті тілшісі Дәурен Омаров та бар.
Дәурен 1988 жылы туған. Шанхай қаласындағы Шығыс Қытай Ғылым және технологиялар университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірген. Мамандығы-инженерлік менеджмент бакалавры, экономикалық құқық магистрі. 2012 жылдан бері-«Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қытайдағы меншікті тілшісі. Дәурен Омаров-Сыр өңірінің түлегі.
Бұған дейін «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің Гран При жүлдесінің иегері (2011), республикалық «Жастар» сыйлығының (2011) лауреаты болды. Жас журналист жерлесімізге табыс тілейміз!