ІҚМ АУКЦИОНЫНДА МАЛШЫЛАР ҮШІН КӨРМЕ
2014 жылдың 7-тамызында Қостанай облысының Қарасу ауданы Восток ауылында асыл тұқымды малды сатуға арналған «KARASU Farm-2014» аукционы аясында мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдық пен техниканның ауқымды көрмесі өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар - «Қазагромаркетинг» АҚ және «Қарасу» сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС.
Мамандырылған көрме барысында қатысушылардың назарына ауылшаруашылық жануарларға арналған құрама жем өндіретін AGRAVIS Raiffeisen AG неміс концерн жаңа зауыты шығаратын жем үлгілері ұсынылатын болады.
Зауытпен ауылшаруашылық жануарлардың барлық түрлеріне және құсқа арналған ұнтақ тәріздес, құрамдалған шашыранды және түйіршіктелген құрама жем мен концентраттар шығарылады.
Жануардың дамуындағы белгілі бір кезеңінде азық беруді есептей отырып әр шаруа қожалығына арнап шығарылатын құрама жемнің рецептурасын жасау барысында тапсырыс берушінің нақты көздеген мақсаттары есепке алынады: ет көлемі, жұмыртқа саны, сауылған сүттің ұлғаюы және т.б. Өнім ірі сүт - тауар фермаларына, бордақылау алаңдарына, құс фабрикаларына, сонымен бірге кішігірім шаруашылыққа және жеке қожалығы бар иесіне есептелінген. Кәсіпорын бүгінгі күннің өзіне нарықтың 100% құрама жеммен қамтамасыз етуді жоспарлайды.
Сонымен бірге, ауылшаруашылық техникасын көрсету бойынша өткізілетін демонстрациялық шоу көрме қатысушылардың қызығушылығын тудырады деп күтілуде. Көрме барысында ауыл шаруашылығы техникасының мүмкіндіктері, телескоптық жүк тиеуші машиналар ерекше тапсырмаларды орындап, жаңа қырынан танылады.
Сонымен бірге, көрме аясында қатысушылар назарына ауылшаруашылық жануарларына арналған техникамен қатар жануарларға арналған құрал-жабдықтар көрсетілетін болады. Бұл сауатын қондырғылар, суаруға арналған автоматты жүйелер, мастит детекторлары, малдың буаздылығын және патологияларын анықтауға арналған ультрадыбыстық сканерлер көрсетіледі.
Ерте хабарлағанындай, сатылымға 50 бас асыл тұқымды бұқа шығарылады. Оның ішінде 34 басы қазақ ақбас тұқымы мен 16 бас бұқа әулиекөл тұқымына жатады. Онымен қоса, көрмеге асыл тұқымды жылқылармен түйелердің 2 басы, қазақ құйрықты қылшық жүнді қойлардың 20 басы мен шошқаның 12 басы сатылымға шығарылатын болады.
Отандық шаруалардың назарына өнімділік қасиеті жоғары ең сапалы жануарлар көрсетілетін болады.
Көрмеге қатысу өтініштері күн сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан және шет ел мемлекеттерінен келіп түседі.
Алдағы көрме – қазақстандық мал өсірумен айналысатын шаруаларға әріптестерінің табысты тәжірбиесімен алмасып, бағалап көруге мүмкіндік береді.