ЕЛІМІЗГЕ МАМЫРДАН БАСТАП ҚЫРҒЫЗ КӨЛІКТЕРІН ЕМІН-ЕРКІН КІРГІЗУГЕ БОЛАДЫ
Қырғыз нөмірлі көліктер елімізде емін-еркін жүйіткитін болды. Олар мамыр айынан бастап тек бізде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттің аумағында еш кедергісіз жүрмек деп хабарлайды КТК арнасы.
Себебі бұл ұйымға ресми Бішкек 5 мамыр күні ресми түрде қосылмақ. Сондықтан Қырғызстаннан 5 мамырдан кейін әкелінген немесе тіркелген көліктері ғана елімізге еркін кіргізіледі. Яғни, айыр қалпақтылардың ескі-құсқы темір тұлпарларына жол жоқ.
Сондай-ақ, биыл қаңтардан бастап Арменияның отандық көліктерін де еркін тасымалдауға мүмкіндік туып отыр. Ал Қазақстанға Ресей мен Беларусьтан ағылып жатқан арзан әрі ескі көліктер еш кедергісіз мемлекеттік тіркеуге алынады.
Соңғы үш айда жерлестеріміз Ресейден 36 мыңнан астам көлік сатып алыпты. Ішкі Істер министрлігі бұл көрші мемлекеттен келетін көліктердің ескі жаңасына қарамастан жаппай тіркеуге ала бермек.
Еуро-4 экологиялық стандартына сай келуі де шарт емес. Бірақ бұл ұстаныммен Инвестиция және даму министрлігі келіспей отыр. Олар сырттан жүздеп әкелініп жатқан су жаңа машиналардың қоршаған ортаға зияны тимегенін талап етуде.