«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫ КЕЗІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ЖОЛ БЕРІЛГЕН ЖОҚ
Православиялық шіркеуінің «Крещение Господне» мейрамы өту кезеңінде облыс су айдындарында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Суда құтқару қызметінің жоспарланған іс-шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, «Қызылорда» құтқару стансасының қасында аталған шараларға арнайы орын белгіленіп су алушы мен түсушілерге басқыштар дайындалғаны туралы Шіркеудің өкіліне 2015 жылдың 14 қаңтарында № 23-08/28-11 хат жолданды.
2015 жылғы 18 қаңтардың түнінен баспап 20 қаңтар аралығында құтқарушылар (1 медбике, «УАЗ» автокөлігінде 1 жүргізуші, 5 сүңгуір құтқарушы) жоғары дайындық тәртібіне келтіріліп, тәулік бойы «Апаттық медициналық орталығы» облыстық филиалымен бірлесіп, кезекшілік ұйымдастырылды.
Мейрамды өткізу орындары және суда (мұзда) қауіпсіздікті сақтау шаралар туралы ақпарат жергілікті «Қазақстан –Қызылорда» және «Қоғам-ТВ» телеарналар арқылы халықтың назарына жеткізілді.
«Крещение Господне» мейрамы кезінде су алуға келушілер саны 50 адам болды, оңың ішінде суға түскендер саны 12 адам. Келушілерге судағы, мұздағы қауіпсіздікті сақтау туралы ескерту парақшалар таратылды.
Мейрам өткізу кезінде төтенше жағдайға жол берілген жоқ.
Қызылорда облысы ТЖД
«Суда құтқару қызметі» ММ