АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшектеп өткізуге жаңа лицензиялық алым енгізіледі.
Алымды алкоголь өнімдерін сақтаумен және бөлшектеп өткізумен айналысатын салық төлеушілері әрбір қызмет нысаны үшін төлейді.
Лицензиялық алым ставкасы:
– астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (айлық есепті көрсеткіш);
– аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК;
– ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК.
Алым жыл сайын әр жылдың 20 қаңтарына дейін төленеді. Сондықтан 2015 жылдың 1 қаңтарына алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшектеп өткізуге лицензиясы бар барлық салық төлеушілері 2015 жыл үшін 2015 жылдың 20 қаңтарына дейін лицензиялық алым төлемін жүргізуі тиіс.
Жыл сайынғы лицензиялық алымды мерзімінде және белгіленген көлемде төлемегені үшін алкоголь өнімдерін сақтаушы мен өткізушіге Әкімшілік кодекстің 163-бабына сәйкес айыппұл салынады:
– лауазымды тұлғаларға – 120 АЕК;
– шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – 150 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – 200 АЕК;
– ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 700 АЕК. Оларға тиісті қызмет түрлеріне лицензиялар күші тоқтатылады.