АЛДАҒЫ ҮШ ТӘУЛІКТЕ ЕЛІМІЗДЕ КҮН СУЫТАДЫ
Алдағы күндері елімізде күн суытады, деп хабарлайды BNews.kz. «Алдағы үш тәулікте республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, солтүстік-батыстан 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, оңтүстікте жабысқақ қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілуде. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Синоптиктердің болжамынша, Қостанай облысында бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болып, бұрқасындатады, желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды, Павлодар облысында бұрқасын болып, 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болып, түнде және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанған. Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, түнде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында 15-20 м/с жел соғады.