ЖАҢА БАСҚАРМАЛАР ҚҰРЫЛДЫ
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында бірқатар өзгерістер орын алды. Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасы, Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы секілді жаңа басқармалар құрылды. Ал Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасы облыс әкімі аппаратының құрамына қосылды.
Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, дін істері басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының құрамына кірді. Ал облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдениет басқармасына қосылды.
Ал Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірігіп, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.