INMARSAT СЕРІГІ БАР «ПРОТОНДЫ» ҰШЫРУ 1 АҚПАНҒА ШЕГЕРІЛДІ
Федералдық ғарыш агенттігі Inmarsat серігі бар «Протон-М» тасығыш-зымыранын ұшыруды кейінге қалдыру туралы оң шешім қабылдады, деп хабарлады жұма күні Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің өкілі.
«Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша 1 ақпанға шегеру туралы шешім қабылданды», - деді агенттікпен әңгімелесуші мән-жайды нақтыламай.
Бұған дейін бірқатар БАҚ, 30 қаңтарға жоспарланған «Протон-М» тасығыш-зымыранын ұшыру 1 ақпанға шегерілді деген ақпарат таратқан. Бірақ Роскосмос тапсырыс берушіден де, ұшыруларға жауап беретін кәсіпорыннан (Хруничев атындағы орталық) да өтініштің түспеуіне байланысты бұл ақпаратты растамаған.