ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫН АРТТЫРДЫ
Астана қаласында Қырымбек Көшербаев бастаған Қызылорда облысының делегациясы Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті.
Басқосу барысында Азия даму банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Джинлин Янг банктің негізгі басымдықтарына тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды, транспорттық инфрақұрылымды, жеке секторды дамытуға, шағын және орта бизнесті дамыту банктің несиелендіретін негізгі бағыттары болып табылады.
Ал Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін айтты. Сыр өңірінде өндірісті өркендетіп, инфрақұрылымды дамытуға болатынын банк өкілдеріне түсіндіріп берді.
Кездесу қорытындысында қос тарап әріптестік байланыс орнату мәселелерін талқылады.
Бұдан кейін, Алматы қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған топ Ислам банкінің өкілдерімен де кездесті.
Ислам даму банкінің Орталық Азия және Әзірбайжан елдері бойынша төрағасы Хишан Маруф Қызылорда облысымен әріптестік байланыс орнатуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Кездесу барысында тараптар Сыр өңірінде исламдық қаржыландыруды дамыту мәселесін талқылады. Өз кезегінде аймақ басшысы Ислам банкі мен компаниялар басшыларын көктемде Қызылордада өтетін инвестициялық форумға шақырып, облысқа исламдық қаржыландыру механизмін енгізу шараларын талқылауды ұсынды.
Айта кетейік, бұл қаржы институты ауылшаруашылық, денсаулық, білім, су жүйлерін жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту секілді жобаларды аз мөлшердегі пайызбен ұзақ жылға несиелендіреді.
Негізінен банк тек мемлекеттік бағдарламалар ғана емес, жеке кәсіпкерлердің жобаларын жүзеге асыруға да дайын.
Жалпы, қызылордалықтар халықаралық қаржы инстиуттарымен байланысын уақыт өткен сайын нығайтып келеді. Мәселен, Еуропалық қайта дәне дамыту банкімен 2 жылдан бері қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған 8 жобаны бірлесе атқарып жатыр.
Бұған қоса, осы күні облыс әкімі Қ.Көшербаев «AL Hilal Bank», «Falah Growth Fund», «Kazakhstan Ijara Company» және малайзиялық «Amanie Advisors CIS» компаниясының басшылықтарымен де кездесіп, әріптестік байланыс оранту мәселелерін талқылады.