БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ ЖОБАЛАРЫНЫҢ АРҚАСЫНДА 450 МЛРД.-ҚА ЖУЫҚ ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН
Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған жобалар арқылы 448,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл БҚО-да Индустрияландыру картасы бойынша тағы екі жобаны енгізу жоспарланған. Соның нәтижесінде 100 тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
Үкіметтің қаржылық қолдауының арқасында Батыс Қазақстан аймағында барлық мемлекеттік бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда, атап айтқанда, «Индустрияландыру картасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары өрістетілуде. Бұл бағдарламалар өңір экономикасын өсіруге оң ықпалын тигізіп отыр.
Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдауға ие болған жобалар өңірде табысты жұмыс жасауда.
Бүгін осы аймаққа жұмыс сапары барысында Әсет Исекешев Орал трансформатор зауытында болды, ол өткен жылдың соңынан бері үш фазалы қуатты трансформаторлар шығара бастады. Жобалық қуаты - жылына 10000 дана. Жоба құны - 3,1 млрд. теңге.
«Өндірісте 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба «БЖК-2020» бағдарламасы ауқымында 2,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қолдауға ие болды», деп хабарлады кәсіпорын қызметкерлері.
Трансформаторлардың әлеуетті тұтынушылары - мұнайгаз саласының ірі компаниялары, энергетикалық кешен және темір жол кәсіпорындары. Келешекте зауыт өз өнімдерінің басым бөлігін ТМД елдеріне экспортқа шығармақ.