ОРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАҚАТЫНАСТАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІ МҮМКІН
Орал әуежайын қалпына келтіруді аяқтаған соң Қазақстанның авиакомпаниялары Амстердам, Мәскеу және Санкт-Петербургке ұшуды жоспарлап отыр.
Бұрын белгілі болғандай, өткен күзде ұшу-қону жолағындағы реконструкция жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталған соң, қараша айында Орал әуежайы өз жұмысын бастаған болатын.
Ашыла салысымен «Бек Эйр» авиакомпаниясы Орал қаласына ұшуларын жалғастырып келеді.
2015 жылдың қаңтарында «Эйр Астана» авиакомпаниясы екі техникалық тексеріс өткізген соң техникалық емес сынақ ұшуын жасады. Ал 12 қаңтардан бастап Алматы – Орал тұрақты ұшуларын ашты.
Реконструкцияның 2-ші кезең» аяқталған соң «Эйр Астана» авиакомпаниясы Орал –Амстердам бағыты бойынша тұрақты рейсті қалпына келтіруді, сонымен бірге Астана –Астана – Орал бағытында рейс ашу мүмкіндігін қарастыруда.
Сонымен бірге «Бек Эйр» авиакомпаниясы да Оралдан Мәскеу және Санкт-Петербургке қарай екі рейс ашуы арқылы өзінің ұшу географиясын кеңейтуі көздеуде деп жобалануда.
Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мықтыбаевтың айтуына қарағанда бұл жоспарлар әуежайдың модернизациясы толықтай аяқталғаннан кейін ғана іске асырылатын болады.
«Ұшу-қону жолағын реконструкциядан өткізуге керекті қаражат үкімет тарапынан бөлінді. І кезең жұмыстары мерзімінде, яғни 2014 жылғы қарашаға дейін, аяқталды. 2015 жылы ұшу жолағын 400 метрге дейін ұзарту және 60 метрге кеңейту жоспарлануда, Орал қаласы әуежайы қожайының да перронды және рульдеу жолын реконструкциялауға байланысты өз міндеттемелері бар. Олар әуежайдың ажырамас бөліктері болғандықтан, оларсыз әуежайдың функциялары шектеліп қалады», – деп атап көрсетті Серік Мықтыбаев.
Орал әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциядан өткізбес бұрын рейстерінің саны едәуір аз болатын, оларды тек «Бек Эйр» и «Скат» авиакомпаниялары ғана атқаратын.